Солтүстік Қазақстан газеті

КАНИКУЛДЫ ҚЫЗЫҚТЫ БАСТАДЫ

Печать PDF

Петропавл қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілері оқу жылының аяқталуымен және жазғы каникулдың басталуымен алғашқылардың бірі болып ішкі істер департаменті жеке құрамының атынан полиция полковнигі Виктор Букреев құттықтады. Департаменттің балалар вокалдық тобының орындауындағы ән шашу тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олар өздері білетін әндерін кішкентай өнерпаздармен қосыла шырқады.

argaiv1900

 

“Cdek” жедел жеткізу қызметінің басшысы Сергей Волынцов өз қызметкерлерімен бірге “Чердачок” балалар ойын-сауық орталығының аниматоры мен “БЭНД” вокалдық аспаптар ансамблін ертіп келді. Олар тәрбиеленушілерге қызықты ойын-сауық ұйымдастырып, сый-сияпат жасады.

“Қазақстан Халық банкі” АҚ-ы облыстық филиалының қолдауымен балалар үйлері мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттар тәрбиеленушілері арасында баскетболдан республикалық “Үміт кубогы” сайысы өтті. Алматы қаласында өткен бұл сайыста 18 команданың арасынан біздің “Жылы үйдің” ұлдары бірінші орын алып, жеңіспен оралды. Осымен бесінші рет жеңімпаз атанған командаға “Үздік жаттықтырушы” Наталья Рогозинаның қосқан үлесі өлшеусіз. Жаттықтырушының еңбегі еленіп, ол медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

“Балалар бақыты біздің қолымызда” концерттік бағдарламасы барысында білім мен спортта жақсы нәтижелер көрсетіп, табысқа жеткен оқушыларға зор құрмет көрсетілді. “Жыл оқушысы” конкурсының жеңімпаздары анықталып, оларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. “Жылы үйде” өздерінің соңғы күндерін өткізіп жатқан түлектер де ұстаздармен, балалармен қимай қоштасты.

Осылайша, қызықты шаралармен басталған балалардың демалысы жаз бойы жалғасатын болады.

Татьяна СЕРГЕЕВА,

Петропавл қаласы балалар үйінің педагог-ұйымдастырушысы.

 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау