Солтүстік Қазақстан газеті

“АҚЫЛДЫ ҒИМАРАТТАР”

Печать PDF

Енді санаулы күндерден кейін әлем назары Астанаға ауатын болады. Арқа төсіндегі елордамызда жаһандық айтулы шара – “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесі салтанатты түрде ашылады.

argaiv1259

Бұл көрменің басты тақырыбы – “Болашақтың энергиясы”. Соған байланысты көрмеде энергетика саласының заманауи жетістіктері мен балама қуат көздерін ашу, энергия үнемдеу және энергияны тиімді пайдалану мәселелеріне байланысты озық технологиялар паш етіледі. Қазірдің өзінде “ЭКСПО – 2017” көрме қалашығында “ақылды қала” технологиясы бойынша энергетикалық жетістіктердің небір озық жобалары жүзеге асырылуда. Жақында нақ осы мәселелерге байланысты Ұлттық компанияның атқарушы директоры – Жаңа технологиялар және ІТ департаментінің директоры Владимир Соболев баспасөз мәслихатын өткізіп, “ЭКСПО” қалашығында іс жүзіне асырылып жатқан “ақылды қала” жобаларын жан-жақты таныстырды. Оның айтуынша, көрме аумағында қолданылатын жобалардың бірі “Ақылды энергожүйелер – Smart Grid” жүйесі болмақ.

Жүйе апатты жағдайларды жоюға жұмсалатын уақыт­ты азайтуға, жұмыс мөлшерін автоматты түрде таратуға, элек­тр энергия­сын жеткізудегі жүйе­лердегі шығынды 30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін 50 қосалқы стансаны бір жүйе­ге бірыңғай орталықпен бірік­тіреді. Сонымен бірге көрме қала­шығында алғаш рет іс жүзіне асы­рылып жатқан “Ақылды жарық­тандыру” жобасы көрме аума­ғында жарық диодты шамдармен жабдықталған 1200 жарық беру бағанасын қамтиды. Бұл жоба энергия үнемдеу технологиясына негізделген. Электр қуатын пайдалануды реттеу арқылы түнде шамдардың жарықтығын 10-20 пайызға дейін төмендетіп, қосымша қуат үнемдеуге қол жеткізіледі. Алайда, жол бойында көлік пайда болса, жарық автоматты түрде қайтадан толық жанатын болады.

Атқарушы директордың айтуынша, “ЭКСПО – 2017” көрмесінің павильондары мен кеңсесінде “Ақылды ғимарат” технологиясы енгізілген. Бөлмедегі адамдардың санына қарай желдету жүйесі автоматты түрде ауа беруді реттеп отырады. “Көрменің жұмысы басталған кезде павильондарға адамдардың көп­теп келуі күтілуде, сон­дық­тан желдету, ауа баптау, жарық­тан­дыру мәселелері өзекті болып отыр. Оларды шешу үшін ғи­мараттар мен павильондардың инже­нерлік жүйелерін басқаруды орта­лықтандыру көзделген. Ин­же­­нер­лік жүйелерді басқару­дағы энергиялық тиімді тәртіп ауа баптау, желдету, жылытуға кететін шы­­ғындарды оңтайландыруға жағ­дай жасайды”, – дейді Влади­мир Соболев.

“ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесінен кейін кейбір арнайы жобалар Астана қаласының балансына беріледі. Ұйым­­дастырушылардың пайым­­дауы бойынша, сөйтіп, көрме кеше­нінің нысандары жаңғыр­тылатын энергия көздерін қолдану, энер­гиямен қамтамасыз ету техно­логияларының одан әрі дамуына негіз болмақ.


(“Егемен Қазақстан” газеті,

30 мамыр 2017 жыл).

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау