Солтүстік Қазақстан газеті

ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАРЫСЫ

Печать PDF
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына – 25 жыл. Осы мерейтой аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының кубогы үшін еліміздің солтүстік өңірінде іріктеу жарыстары басталды.

Кеше жарысты салтанатты жағдайда ашып, қатысушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

argaiv1797

– Бүгінде сіздер Отан алдындағы парыздарыңызды адал атқарып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев артқан жоғары сенім үдесінен көрініп жүрсіздер. Терроризмге, экстремизмге және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы күрес жүргізіп, ел тыныштығын сақтауға қосқан үлестеріңіз зор, – деді Айдарбек Сейпілұлы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңіріміздегі департаментінің бастығы, генерал-майор Асқар Ақшаевтың айтуынша, қызметкерлердің әскери және дене дайындығына баса назар аударылады екен. Комитет қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру да маңызды.

Екі күнге созылатын іріктеу жарыстары кезінде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы бойынша департаменттердің қызметкерлері футбол, волейбол, ату, жүзу және қоян-қолтық ұрыс бойынша сынға түседі.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау