Солтүстік Қазақстан газеті

Ажырасу азаяр емес

Печать PDF

2015 жылы Петропавл қалалық сотында 1052 неке бұзылса, өткен жылы олардың саны 2034-ке жеткен. Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында әңгімесі жараспаған 407 жұп сотқа арыз берген.

argaiv1582

Бір сөзбен айтқанда, әр екінші неке баянсыз. Әсіресе, жастардың арасында отбасылық өмірдің қиындығына төзімділік танытпайтындар көп. Мамандардың айтуынша, ерлі-зайыптылар үшін алғашқы бес жыл ауыр соғатын көрінеді. Бұл уақытта жас жұбайларлар материалдық мәселелерін шешіп, отбасылық беріктікті нығайтуы тиіс. Алайда, жастар сотқа арыз жазғанда мінездерінің сәйкес келмегенін алға тартады екен.

Облыстық прокуратура некелерін қиғалы жүрген жастарды дін өкілдерімен, судьялармен, психологтермен, АХАЖ бөлімдерінің қызметкерлерімен кездестіріп, оларға ақыл-кеңестер беруде.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Комментарии   

 
0 #1 Аягүл 31.05.2017 14:30
Жақында бір құрбым былтыр ғана құтты орнына қондырған қызын кішкентайымен бірге үйіне алып келгенін айтты. Неге бұлай істегенін сұрағанымда, "Енесімен тіл табыса алмады. Күні бойы сол үйдің жандарына тамақ істеп, үй жинаудан қолы босамайды. Мен қызымды үй жинауға берген жоқпын",- деп бір-ақ кесті. Құдайым-ау, келін барған жеріне тастай батып, судай сіңуі үшін сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығуы тиіс емес пе?! Бүйте берсек, бүтін шаңырақ қалмайтын шығар?!
Цитировать
 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау