Солтүстік Қазақстан газеті

Жемқорлық — балалар көзімен

Печать PDF

 

argaiv1087

Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент білім басқармасымен бірлесіп бейнелеу өнері мұражайында “Жемқорлық – балалар көзімен” тақырыбындағы өңірлік сурет байқауының қорытындысын шығарды.

Қазылар алқасы студенттер мен оқушылар арасында ұйымдастырылған байқауда 97 суреттің, қазақ және орыс тілдеріндегі 22 шығарманың, сонымен қатар 8 инсталляцияның ішінен үздіктерін таңдап, жүлдегерлерді марапаттады.

Байқауда жемқорлықпен күрестің түйінді мәселелерін көрсететін плакаттар, суреттер ұсынылды. Қатысушылар өз туындыларында қазіргі қоғамның жемқорлық психологиясына бойлаған және шынайы көркем суреткерлікпен ашық аспан, күн, сонымен қатар ертегілер мен мультфильм қаһармандарын бейнелеген.

“Жемқорлықсыз әлем” аталымы бойынша Петропавл қаласындағы қызмет көрсету колледжінің студенті Е.Низова, “Адал және сатылмайтын еңбек” аталымында Черкасск орта мектебінің оқушысы А.Вольданова, “Әділдік, адалдық және сатылмаушылық қағидалар” аталымында Соколовка жетім балалардың арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үздік деп танылды. Сондай-ақ, “Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек” тақырыбында қазақ және орыс тілінде шығарма жазған С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы Ә.Ербатыр мен “БЭСТ” гимназиясының оқушысы Д.Ковган жеңімпаз атанды.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау