Солтүстік Қазақстан газеті

Ізгі жүректі жандар

Печать PDF

Облыс орталығында кең ауқымды қайырымдылық кеші өтті. Ізгіліктің нақты көрінісі болып табылатын жақсы дәстүрдің басты мақсаты – денсаулығы сыр берген балаларды қолдау және оларға барынша көмек көрсету. Бұл күні қатал тағдырдың сынына қарсы тұра білген жігерлі жандарды қолдауға жиналған азаматтардың қарасы қалың болды. Арнайы концерттік бағдарлама аясында жүргізілген кеш барысында әсем әннен шашу шашылып, қатаң түрде өткен кастингтен іріктелініп алынған жарасымды 30 жұп вальс билеп, түрлі аукциондар өткізілді. Кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың қолғабы ең қымбат лот болып саналып, ол 600 мың теңгеге сатылды. Жанат Жақиянов аукцион жеңімпазына қолғабын өзі табыс етті.

argaiv1582

 

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы және “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұрындық болған кешке барлығы 300-дей адам қатысып, 3 миллион теңгеден астам ақша жиналды. Қайырымдылық балынан түскен қаржы дертке шалдыққан Иван Зологин, Илья Пугач, Диана Бейсенбаевалардың емдомына жұмсалады. Айта кету керек, өткен жылы өткізілген қайырымдылық балынан 1,8 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Осылайша, кеңпейілді жандардың көмегімен Андрей Авдеюкке Санкт-Петербург қаласында ота жасалынды. Сонымен қатар дертке шалдыққан балалары бар төрт отбасына көмек көрсетілді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген

Талған ТӘНІБАЕВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау