Солтүстік Қазақстан газеті

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Печать PDF

Облыстық апаттық медициналық орталығы су тасқыны кезінде тұрғындарға көмек көрсетті. Орталықтың жедел әрекет ету тобы халықты медициналық қамтамасыз ету мақсатында Қызылжар ауданының Долматово ауылында болды. Екі фельдшер мен жүргізуші-санитар Долматово ауылының орта мектебінде орналасқан эвакопунктіне 5 адамды эвакуациялады. Өздігінен жүре алмайтын екі адам зембілмен жеткізілді. Бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілді. Орталықтың қызметкерлері Петропавл қаласының Былғары зауытында, Қызылжар ауданының Тепличное кентінде де кезекшілік атқарды.

argaiv1582

Жыл басынан бері апаттық медициналық орталықтың қызметкерлері 68 рет өртке, су тасқынына, апаттық-құтқару жұмыстарына, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін оқу-жаттығуларына шықты, 11 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті. Жыл сайын олар оқушыларға және ұйымдардың қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар өткізуде.

Жақында Петропавл қаласының қазақ мектеп-гимназиясында “Мейірбике күніне” орай АМО фельдшерлері 10-сынып оқушыларына орталықтың қашан құрылғанын, оның негізгі міндеттері мен мақсаттары жайлы айтып, жедел-жәрдем құрал-жабдықтарымен таныстырды.

Биыл Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері үшін әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша үш лекция өткізілді. №13 орта мектепте осы тақырыптағы лекция мұғалімдер, төтенше жағдайлар департаментінде облыс мектептерінің директорлары үшін өткізілді. Оларға алдымен суға батқан, күйік алған, уланған адамға қалай алғашқы көмек көрсету керектігі үйретілді. Слайдтар, бейнематериалдар, реанимациялық іс-шаралар өткізуге манекен қолданылады, яғни медициналық қызметкерлер адамды құтқару дағдыларын көрнекі түрде көрсетеді.


Геннадий ЗАБОЛОЦКИЙ,

ҚР ІІМ ТЖК “АМО” ММ

СҚО бойынша филиалы шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері.

 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау