Солтүстік Қазақстан газеті

Балалар құқығын қорғаудың 12 күні

Печать PDF

Облыстық білім басқармасы өңірімізде маусымның 1-і мен 12-сі аралығында “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес” атты ұлттық ақпараттық науқаны өткізілетіндігін хабарлайды.

argaiv1208

Үстіміздегі жылы “Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз” ұранымен өткелі отырған ұлттық ақпараттық науқанның мақсаты қоғамның назарын бала еңбегін пайдалану мәселесіне аударуды көздейді.

Мұндай науқанды өткізу бала еңбегін пайдаланудың алдын алу және ескерту мәселелерінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жұмыс берушілер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің серіктестігін, ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді.

Ұлттық ақпараттық науқанды жүзеге асыру үшін Солтүстік Қазақстан облысында іс-шаралар жоспары бекітілді. Оны дайындау мен өткізуге білім беру мекемелерінің педагогтері, ішкі істер органдарының өкілдері, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдар және тағы басқалар қатысты.

Облыстық және аудандық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде семинарлар, “дөңгелек үстелдер”, конференциялар, балалардың суреттері мен шығармаларына арналған тақырыптық көрмелер өткізу жоспарланған.

Айгүл ОСПАНОВА,

облыстық білім басқармасы

кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау

жөніндегі бөлімнің бас маманы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау