Солтүстік Қазақстан газеті

Алғаш қалам ұстатқан

Печать PDF

Менің ең алғаш қолыма қалам ұстатып, әріп танытқан ұстазым Лаура Қапезова шаршау дегенді білмейтін, тынымсыз жан болатын. Оқу үдерісінде тақырыпты меңгере алмаған әр оқушыға көңіл бөліп, онымен сабақтан тыс уақытта жұмыс істейтін. Қолыма қалам ұстап көрмеген өз басым әріптерді әдемілеп жазуға қатты қиналатынмын. Ұстазымның тақтадағы жазуы маржандай тізіліп тұратын. Оған қызыға қарайтынбыз.

argaiv1797

Сабақтан соң бізді алып қалып, көбейту кестесін жаттататын. Соның арқасында білімді терең ұғындық. Ұстазымыздың еңбегі ақталып, оқу, жазу, есеп шығаруды бәріміз жақсы меңгердік. Апай әрқайсымыздың ерекшеліктерімізді ескере отырып, түрлі үйірмелерге қатысуға кеңес беретін. Әртүрлі зияткерлік сайыстарына да қатыстық. Өзім “Ақ бота” зияткерлік сайысына қатысып, 2-орынды иелендім. Осының бәріне ұстаздың терең білім беруінің, тынымсыз ізденісінің арқасында қол жеткіздік.

Біздің сыныптың әрбір оқушысы Лаура Қапезованың сөйлеген сөзін, істеген әрекетін үлгі тұтатын. Ол кісі бізбен бірде балаша ойнаса, кейде үлкен адамдарша сөйлесіп, пікірімізбен санасатын. Өзім үлкен өмір жолын таңдау сәті келгенде Лаура апайымның ізін қуып, ұстаз болуды қаладым. Мен де Лаура апайыма ұқсап, әр оқушымның жүрегінен орын алсам деймін.

 

Әкежан ҚАЖЫҒАЛИЕВ,

Бексейіт орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

 

Мамлют ауданы.  

 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау