Солтүстік Қазақстан газеті

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ — ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ЖОБА

Печать PDF

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауы – еліміздің тарихи белесін жалғастырған құжат. Онда Елбасымыз республикамыздың алдағы уақытта дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді.

argaiv1934

Жылдың басты құжатында бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстар сараланып, Елбасы заманның бағыты өзгеріп жатқанын, сондықтан біз де өзгеруіміз керектігін, заман көшінен қалмауымыз қажеттілігін айтып, болашақтағы бағыттарды айқындап берді және мұны Үшінші жаңғыру деп белгіледі. Басты мақсат – экономиканы дамыту, өсімге қол жеткізу. Жолдауда экономиканы дамытудың жолдары айтылды. Себебі, әлемдік экономикада жаңа технологиялардың дамуы басты рөлге ие болуда. Отыз дамыған елдің өнеркәсіп өндірісінің негізгі үлесі шағын және орта бизнеске тиесілі, адами капиталдың дамуына басымдық берілуде.

Осыған орай, Елбасы Жолдауында бес басымдықты атады. Біріншіден, экономиканың технологиялық жаңғыруы жеделдетіледі. Цифрлық технология кеңінен пайдаланылады. Бұл үшін “Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы” деп аталатын 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары дайындалуда. Жолдауда айтылған екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз ету, төртінші басымдығы – адам капиталын сапалы түрде жақсарту, бесінші басымдық – институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Аталған басымдықтарды іске асыру үшін Елбасы министрліктер мен ведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, оларды атқаруға жауапты тұлғаларды белгіледі. Ал біздің саладағы мәселелерге келер болсақ, Елбасы мемлекеттік органдардың қарауындағы кәсіпорындарды жекешелендіру бойынша шараларды жеделдету қажеттігін атап айтты. “...Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын”, – деген Елбасы жекешелен­дірудің қажеттілігіне үлкен мән берді. Үкіметтің алдына жаңа жекешелендіру бағдарламасын әзірлеп, оған мемлекеттік меншіктегі барлық ұйымдарды қамтуды тапсырған болатын. Осыған орай, елімізде мемлекеттік меншіктегі ұйымдарды жекешелендіру жұмыстары жалғасуда.

Біздің департамент жылдың басты құжатындағы Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру жолында жұмыс істейді. Республикалық нысандар мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында сатылады. Веб-порталда сауда-саттыққа қалай қатысу жайындағы нұсқау мен инфографикадан басқа, нысанды сатуға арналған әрбір қадам туралы баспасөз хабарламасы орналастырылады. Бірыңғай сауда алаңы барлық сатылатын нысандар туралы ақпараттың және олардың сатылуға қойылу мерзімінің бір жерде болуын жинақтауға мүмкіндік береді. Электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда кез келген саудаға қатысушы өздігінен веб-порталда тіркеліп, саудаға қатысу үшін ЭСҚ мен электронды өтінім бере алады. Сол сияқты, сауда аяқталғаннан кейін кепілдік жарнасын қайтаруға өтініш жазуға немесе сауда жеңімпазы ретінде нәтижесі туралы хаттама алуға мүмкіндігі бар.

“Келесі кезеңде осы қағидаттарға сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою қажет. Ал ондай кәсіпорындар саны бірнеше мың болады. Әрбір бағдарлама немесе тапсырмаға орай заңды тұлғалар құру тәжірибесі бұдан былай тоқтатылуға тиіс. Жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Жекешелендірудің мақсаты – мемлекеттің қатысуымен құрылған ұйымдардың санын азайту арқылы шағын және орта деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға мүмкіндік беру. Бұл дегеніміз, жекешелендіру экономикадағы мемлекеттің үлесін азайтуға бағытталған шара болып табылады. Кешенді жоспар бойынша, алдымен коммерциялық кіріс түсіруге бейімделген мемлекеттік компаниялар жекешелендіріледі. Екіншіден, стратегиялық маңызы жоқ бейінді активтер жеке секторға өткізіледі. Осы мақсатта өткен жылы департамент 7 аукцион өткізіп, жекешелендірудің 58 нысаны сатылымға шығарылды. Нәтижесінде 16489,8 мың теңгенің республика меншігіндегі 47 нысаны өз иесін тапты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1012 қаулысына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған жол картасының сегізінші іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында “СҚО мемлекеттік кіріс департаменті” ММ және “СҚО қазынашылық департаменті” ММ-нің 62 жылжымайтын мүлігі біздің департаменттің қарамағына өтті. Жылжымайтын мүліктің тең жартысы – әкімшілік ғимараттар.

Есепті кезең барысында мемлекеттік заңды тұлғаларды республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі ғимараттарда орналастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде барлық аудандардағы он үш ұйымның онының қызметшілері мемлекеттік құрылымдарда орнықтырылды. Республикалық бюджеттен үнемделген және бюджетке түскен қосымша қаражат есебінің сомасы 13068,7 мың теңгені құрады.

Үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жол картасының “Бірыңғай теңгерім ұстаушы” жобасын жүзеге асыру аясында орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің (құқық қорғау органдарынан басқа) жалпы аумағы 25408 шаршы метрді құрайтын 100 жылжымайтын мүлік нысаны және 101 бірлік автокөлік құралы облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгеріміне өтеді.

Жекеменшік бизнес өкілдерінен ғимараттарға қызмет көрсетіп, күту жұмыстарын жүргізетін клирингалық қызмет түрлері сатып алынады. Бұл өз кезегінде республикалық бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы бұл жұмыс өз жалғасын табатын болады.

Ғазиз ӘБІШЕВ,

облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау