Солтүстік Қазақстан газеті

Береке бастауы

Печать PDF

“Бірлік болмай, тірлік болмас” деген ғибратты сөз бар. Достығы жарасқан елдің қашан да мерекесі көп. “Береке бастауы – бірлік, ел татулығы – тірлік” қағидасын ұстанған солтүстікқазақстандықтар да Қазақстан халқы мерекесін жоғары көңіл-күймен атап өтті.

argaiv1934

Бұл күн қазақ мектеп-гимназиясы үшін ерекше тағылымды өнеге-үлгіге айналды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың әр аулада достық дастарқанын жайып, спорттық, ұлттық ойын түрлеріне тұрғындар мен балаларды барынша тарту, рухани жағынан жақындастыру туралы бастамасын қолдап, қызықты да мазмұнды ұлттық-мәдени бағдарлама ұсынды. Түрлі тілдерде әндер шырқалып, мың бұралған билер биленіп, мерекеге келушілер бір жасап қалғандай болды. Әсіресе, дәстүр мен салтқа қатысты көріністер, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, каратэ секілді спорттық жарыстар ерекше жарасым тапты. Қазақ, орыс, татар, қытай, армян, өзбек ұлттарының дастарқандары мерекеге ерекше көрік берді.

Байқаудың нәтижесінде бірінші орынды қазақ дастарқанын ұйымдастырушылар жеңіп алды. Қазылар алқасы ұлттық киім үлгісімен қонақжайлылық қасиетті жоғары бағалады. Екінші орынды татар мен армян, үшінші орынды орыс, қытай, өзбек өкілдері иеленді.

Көңілді іс-шарадан соң аула тұрғындары мектеп асханасы арнайы әзірлеген палау мен бауырсақтан ауыз тиіп, жайдары көңіл-күймен тарасты.

Айгүл ЕСЕНҒАЛИЕВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Петропавл қаласы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау