Солтүстік Қазақстан газеті

ТАРИХИ ҚҰЖАТ

Печать PDF

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақаласы қоғамдық санаға серпіліс әкеліп қана қоймай, әрбір қазақстандықтың жүрегіне сенім, бойына рух ұялатты. Өзім де аса зор ыждаһатпен оқып шықтым.

argaiv1428

Елбасының бұл мақаласы “Мәңгілік Ел” идеясымен үндестік тауып, бір кездері қабылданған “Мәдени мұра” бағдарламасының кемкетігін толтырған байыпты бастамалар жиынтығы деп қабылдадым. Бағдарламалық мақалада өзінің қатпарлы тарихы, қастерлі ана тілі, мәйегі мол мәдениеті, ғылым мен техника тілін меңгеруге деген қабілеті бар елдің ешкімге еліктемей-ақ, көш басынан көріне алатындығын меңзеді.

Мақалада қамтылған ұлттық құндылықтарымызды ұлы мұраттарға жету жолында кәдеге жарату міндеттерін сіңіру үшін сананың сергектігі қажет. Елбасы мақаласында: “Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді”, – деп атап көрсеткен. Яғни, осындай тарихи қатерден айналып өтер айқын жол нұсқап отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасының мақаласы – толыққанды тарихи құжат.

Осыған дейін жарияланған саяси реформа және экономикалық жаңғырту бағдарламасы елдің еңсесін тіктесе, бұл мақала сананы сілкіндірді. Қазақстан қоғамы мен әрбір қазақстандықтың мақсат-мүддесі қамтылғандықтан әр азамат оны ой елегінен өткізгені анық. Еліміздің зиялы қауым өкілдері тарапынан қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды жобасы ретінде қабылданған мақалада нақты қадамдар көрсетілген.

Ендеше, біз бұл мәселелерге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, орындалуын міндетті санап, білек сыбана іске кірісуге тиіспіз. Елбасының аталған мақаласының іс жүзінде жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, күш-жігер салуға ықпал ету үшін насихаттауды өзіме парыз санаймын. Себебі, рухани жаңғыру мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізеріне сенімдімін.

Салтанат ҚАРАҒОЖИНА,

жеке кәсіпкер.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау