Солтүстік Қазақстан газеті

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

Печать PDF

 

argaiv1797

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Президент Әкімшілігінің келісімімен бұл қызметке Асқар Жоламанұлы Сақыпкереев тағайындалды. Осылайша, облыс әкімі орынбасарларының саны бесеуге жетті.

Асқар Сақыпкереев 1958 жылдың 2 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы саясаттану және басқару институтын, Қазақстан-Ресей университетін агроном-ғалым, саясаттану, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Қарақоға кеңшарының тұқым өсіруші агрономы болып бастаған. Ол 1994-2004 жылдар аралығында түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызмет атқарды. Ал 2004 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. Облыс әкімі жаңа орынбасары атқаратын негізгі міндеттерді айқындап берді.

– Асқар Жоламанұлы өте тәжірибелі, білікті басшы. Ол облыс әкімінің орынбасары ретінде экономика, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек инспекциясы, дене шынықтыру мен спорт салаларына жетекшілік ететін болады. Жаңа қызметте табыс тілеймін, – деді Ерік Хамзаұлы.

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, нәтижелі жұмыс істеуге барын салатынын айтып, зор сенім артқаны үшін өңір басшысы Ерік Сұлтановқа алғысын білдірді.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау