Солтүстік Қазақстан газеті

БҮГІНГІ БЕЛЕСТЕР — ЕРТЕҢГЕ БАСПАЛДАҚ

Печать PDF

 

argaiv1900

Бұрнағы күні Сергеевка қаласында Шал ақын ауданының әкімі Ербол Сағдиевтің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

Алқалы жиынды ашқан өңір басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулер өткізуінің мақсаты тұрғындардың ақпараттану деңгейін көтеру болып табылатынын атап көрсетті. Есепті кездесулер азаматтардың өзекті проблемаларын шешудің және билік органдарының беделін көтерудің нақты тетігіне айналып отыр.

Бүгіндері өңіріміздің даму деңгейінің негізгі көрсеткіші инвестиция көлемінің өсуі болып табылады. Былтыр негізгі капиталға 4,5 млрд. теңге инвестиция тартылған, оның басым бөлігі – 98 пайызы кәсіпорындардың жеке қаржысы есебінен қамтамасыз етілген. Өткен жылы инвестиция көлемі өсімінің серпіні бойынша Шал ақын ауданы облысымызда алдыңғы қатардан орын алды. Шалақындықтар ауыл шаруашылығы саласында да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ауданның агроқұрылымдары 186,5 мың гектарға дәнді дақылдар, 22,4 мың гектарға майлы дақылдар сеуіп, мол өнім алды. Ауданда мал шаруашылығы да серпінді дамып келеді, қара мал басы 16,5 пайызға көбейді.

Шал ақын ауданының әкімі Ербол Сағдиев ауданның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2017 жылы алда тұрған міндеттері туралы баяндады. “Агро Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгіндері 900-ден астам қара мал бағылуда. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің назарын мал басын көбейту мәселесіне аударды.

Ауданда 939 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. 2016 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 9 жоба жүзеге асырылып, сомасы 95 млн. теңге болатын 45 өтінім қаржыландырылған. Бағдарлама аясында “Сергеевка сүт өнімдері” ЖШС-інде жаңғырту жұмыстары аяқталған. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 757 млн. теңгеге барлық деңгейдегі жолдар жөнделген. Сергеевка қаласында, Ыбыраев, Қаратал, Ұзынжар, Құртай ауылдарында су бір орталықтан беріледі. Алдағы уақытта тағы он екі елді мекенді сапалы ауызсумен жабдықтау жоспарланған. Аудан орталығында он алты көше жарықтандырылған. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде сексеннен астам жұмыс орны ашылған.

Кездесу барысында өңір басшысына ауылдықтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. Соғыс ардагерлері мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа алғыстарын білдірді. Алайда, шешімін таппаған мәселелер де баршылық екен. Қарттар жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерді уақтылы алмайтындықтарын айтты. Облыс әкімі бұл проблеманы өз бақылауына алып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағановқа жағдайды түзеуді тапсырды.

Ерік Сұлтанов ауданда бір жылда атқарылған жұмыстарға өз бағасын берді, Мемлекет басшысының “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауын жүзеге асыру аясында Ербол Сағдиевтің алдына міндеттер қойды. Сонымен қатар жиналғандардың назарын көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымшылдықпен өткізу қажеттігіне аударды.

Есепті кездесу барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңіріміздің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына және үстіміздегі жылғы міндеттерге тоқталды.

Өңір басшысы Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында асқаралы міндеттер қойылғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Бұл өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады. Президент өзінің Үндеуінде қоғамды мазалап жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Енді мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді. Үкімет пен Парламенттің халықтың алдындағы жауапкершілігі арта түспек.

– Өткен жылы атқарылған жұмыстарға талдау жасай отырып, тұтастай алғанда, облысымызда бірқатар оң нәтижеге қол жеткіздік деуімізге болады. Өңірлік ішкі өнімнің нақты өсімі 1 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Жыл қорытындысында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 1,8 пайызға өсіп, 416,7 млрд. теңгеге жеткен. Өткен жылы 31,5 млрд. теңгенің демеуқаржысы берілген, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Былтыр облыс диқандары 5,5 млн. тонна астық жинап, гектар берекелігін 17,2 центнерге жеткізді, – деді Ерік Сұлтанов.

2017 жылы “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы шеңберінде ауылдарды ауызсумен жабдықтаудың сомасы 896 млн. теңге болатын алты жобасын жүзеге асыру басталмақ, оның екеуі биыл, қалған төртеуі келесі жылы аяқталмақ. Облыс әкімі биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін міндетті медициналық сақтандыру мәселесіне де кеңінен тоқталып өтті.

Шал ақын ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесуін қорытындылаған өңір басшысы Ерік Сұлтанов былтыр бірқатар жетістіктерге қол жеткізілгенін, сонымен қатар ауданның одан әрі дамуы үшін алдағы міндеттерді шешу қажеттігін атап көрсетті.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген

Виталий ВЛАСЕНКО.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау