Солтүстік Қазақстан газеті

Мерекелік құттықтау

Печать PDF

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

argaiv1977

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – тамаша отбасылық мереке ғана емес, сонымен бірге атқарған істеріміздің қорытындыларын шығаратын және алға жаңа мақсаттар қоятын мезгіл.

Тарих қойнауына енетін 2016 жыл есте қаларлық жарқын оқиғаларымен, маңызды мемлекеттік жобалар мен бастамалардың қолға алынуымен ерекшеленді. Бұл жыл біздің жадымызда аса маңызды тарихи оқиғаларға толы жыл ретінде қалады.

Бүкіл елімізбен бірге біздің өңір де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті.

Еліміздің ширек ғасырлық ғұмыры – бұл Қазақстан Республикасының ұлы жылнамасының басы ғана. Біз бәріміз бірге осы тарихи шептен лайықты өттік.

Қазақстан қуатты, заманауи және барлық әлем құрмет тұтатын мемлекетке айналды.

Солтүстікқазақстандықтар биыл қос мереке қуанышына бөленді. Өңіріміздің құрылғанына 80 жыл толды. Мерекелі жыл біздің облыс үшін серпінділігімен және нәтижелігімен есте қалады.

Біз белгіленген шаралардың басым бөлігін іске асырдық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында біздің өңірдің табыстарына жоғары баға берді. Диқандарымыз рекордтық астық жинады және еліміздің астықты өңірі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Өңірімізде жаңа өндірістер іске қосылды. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Мектептер, балабақшалар, спорт нысандары ашылды, тұрғын үй қоры жаңа нысандармен толықты.

Петропавл қаласындағы әуежай терминалын қайта құруды аяқтау аса зор қуанышты оқиға болды.

Жол жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды, “Астана – Петропавл” автобанын жаңғырту аяқталды.

Алдағы 2017 жыл маңызды тарихи және халықаралық оқиғамен ерекшеленбек – біздің Отанымыздың астанасында “EXPO” көрмесі өтеді. Бұл шараны дайындауға және өткізуге біздің облыстың өкілдері де қатысатын болады.

Қымбатты жерлестер!

Мен өңіріміздің дамуына үлес қосқандарыңыз үшін сіздердің әрқайсыңызға ризашылығымды білдіремін. Солтүстікқазақстандықтардың туған өлкесіне сүйіспеншілігі, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы ғана біздің облысымыздың қарыштап дамуының кепілі бола алады.

Сіздерді шын жүректен Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл әр үйге бақыт сыйласын, табыс, молшылық пен игілік әкелсін!

Қазақстан Жаңа жылда халқының топтасуымен, азаматтарының жанқиярлық еңбегімен және аман-саулығымен күшті бола түсетініне сенімдімін!

Жаңа 2017 жылмен!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан

облысының әкімі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау