Солтүстік Қазақстан газеті

САЛАФИЗМ — ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ЖАТ АҒЫМ

Печать PDF

Салафизм – ислам тарихындағы күңгірт дүниетаным заманының туындысы. Бұл өзінше бір, бұғауланған, жәбірленген араб санасы жайынан ақпарат беретін уақыт капсуласы іспеттес. Салафиттердің бастамашысы әрі қозғаушысы шейх ибн Таймия (1263–1328) болған.

argaiv1962

“Салаф” сөзінің мағынасы “әуелгі бабалар” дегенді білдіргенімен, бүгінгі салафиттер мен алғашқы салафилердің айырмашылығы зор. Салафиттер, яғни салафизм идеологиясын ұстанушылар, өзара жауласқандықтарына қарамастан, негізгі үш қағиданы ұстануға тырысатындығы белгілі. Олар: таухидты (бірқұдайлықты) қатаң ұстану; бидғаттан (дінге жаңалық енгізуден) бас тарту; тақлидке (қандай да бір ислам мектебінің немесе беделді ғалымның ізін қууға) қарсы болу.

Салафиттер дінді ислам әлеміндегі түрлі халықтың этномәдени, тарихи және өзге де ерекшеліктеріне негізделген барлық “жат”, “кірме” түсініктер мен тәжірибелерден тазарту жолында жойқын күрес жүргізуді өздеріне мақсат етіп қойған. Салафизм исламдағы барлық жаңалықтан бас тартып, әуелгі догмаларға қайта оралып, оның қатаң түрде, дәлме-дәл орындалуын талап етеді. Дамудың кез келген түріне жол бермеуге тырысады. Біздің еліміз үшін мұндай жол дәстүрлі емес. Бұл жолда біздің елдің өркениеттен қол үзіп қалу жағдайына душар болатындығы айдан анық.

Салафизм “жиһад” ұғымын бұрмалап, оны қарулы күрес ретінде біржақты ғана тәпсірлейді. Салафиттер бұл күресті барлық мұсылмандардың өмір сүруінің жалғыз әрі шынайы формасы ретінде қоғамға танытуда. Жиһадтың дәстүрлі мағынасы – өзіңнің бойыңдағы кем-кетіктеріңмен күресу болып табылады. Әуелден-ақ догматизм мен радикализм үшін сынға алынған салафиттер Алла мен адам арасындағы кез келген “дәнекерлікті” жоққа шығарады. Осылайша, барлық сүнниттік мәзһабтармен қақтығысқа түседі.

Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін исламның дәстүрлі формасы қоршаған әлемді интеллектуалдық тұрғыда қабылдауды бағдар еткен ханафиттік мәзһаб пен далалықтардың ата-бабаларына деген киелі қатынасынан бастау алатын “әулиелер” дәстүріне негізделген “түркілік сопылық” екені баршаға мәлім.

Қазақстандықтар үшін қатаң догма мен діни радикализм – жат құбылыс. Қазақ дәстүрінде әрбір адам өзінің шежіресін, кем дегенде жеті атасын білуі тиіс болса, салафиттер қазақтың мұндай салты мен әдет-ғұрпына (өлген адамға құран бағыштау, аруаққа сену, т.б.) үзілді-кесілді қарсы.

XIII–XIV ғасырларда араб әлеміндегі салафизмнің дүниеге келуі түркі-моңғол шапқыншылығына қарсы тұру дәуірімен байланысты болды. Олардың аймақтағы, соның ішінде арабтарға үстемдігі XX ғасырдың басына дейін жалғасқан. Салафизмнің екінші және оның қатал ағымының – вахаббизмнің бұрқ ете қалуы османдық биліктің кезеңіне тұспа-тұс келеді.

Өткенге қайта оралуға тырысу, дамуда кенжелеп қалу ерте ме, кеш пе тоқырауға, дағдарысқа, ақыр аяғында ұлттың тарихи жеңілісіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Салафизм және сол іспеттес діни доктриналар Қазақстанның стратегиялық мүддесіне еш сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау