Солтүстік Қазақстан газеті

Салафизмнің қоғамға қаупі зор

Печать PDF

Еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірге салафизм мәселесін мұқият зерттеп, зерделеді. Қазақстанда 23 лаңкестік және экстремистік ұйымның жұмысына тыйым салынған. Олардың арасында салафиттік бағыттағы “Ат-Тәкфир Уәл-Хиджра” ұйымы да бар. Салафизмнің – діни ағым, көзқарастар жүйесі екенін де атап өткен жөн.

argaiv1962

Біздің елімізде рұқсатсыз дәстүрлі емес діни ағымдарға үгіттейтін уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуге, жасырын діни жиындар мен радикалды бағыттағы әдебиеттерді таратуға заңмен тыйым салынған. Кейбір мұсылман мемлекеттерінде салафизм секілді дәстүрлі емес дінге рұқсат берілген. Бірақ отандық дінтанушылар салафизмнің Қазақстан халқының, әсіресе, жастардың сана-сезіміне теріс әсеріне алаңдаушылық білдіруде.

Бұл теріс ағымды ұстанушылардың көзқарасы, пікірі, біздің ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ұлттық-рухани құндылықтарымызға сай келмейді. Олар ашық айтпаса да, дін жолында жүрмегендерді қатаң айыптайды. Бүгінгі биліктің басқару жүйесіне де көңілдері толмайды. Қазіргі таңда ислам әлемінде, соның ішінде бірқатар араб елдерінде салафизм идеялары беделді діни тұлғалар және ойшылдар тарапынан қатаң сынға ұшырап отыр. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі салафизмді біздің еліміз үшін мүлдем жат әрі теріс діни ағым деп есептейді.

Сырттан келген бұл діни ағым күн өткен сайын халық тарапынан қатаң сынға ұшырауда. Жалпы, бүгінгі қоғамда радикализмге жетелейтін бұл жат ағымға теріс көзқарас қалыптасқан. Соңғы кездері біздің елімізде салафизм жақтастарының саны азайғандығы байқалады және олардың Қазақстанда ұйымдасқан құрылымдары жоқ.

Алдағы уақытта да салафизм идеологиясын насихаттайтын ұйымдардың пайда болуына, осындай бағыттағы әдебиеттердің таралуына және интернет-сайттарының жұмыстарына жол берілмейді.

Ресми ақпарат.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау