Солтүстік Қазақстан газеті

ҚЫЗМЕТ АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

Печать PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаменті мамандарының берген деректеріне сүйенсек, 2016 жылдың екінші тоқсанында білім беру қызметтерін 782 ұйым көрсетті. Аталмыш ұйымдардың негізгі қызмет түрі бойынша атқарған жұмыс көлемі 14893 млн. теңгені құрады.

argaiv1582

Білім беру саласындағы көрсетілген қызметке ақы төлеудің негізгі көзі бұрынғыдай бюджет қаражаты болып табылады. Ол жалпы қызмет көлемінің 94,9 пайызына тең. Халық қаражатынан төленген қызмет үлесі 4,7 пайызды құраса, кәсіпорындардан түскен қаржы 0,4 пайыз болып отыр.

Ең ауқымды үлес салмақ негізгі және жалпы білім беру саласындағы қызметтерге тиесілі. Олардың көлемі 7735,1 млн. теңге немесе қызметтердің жалпы көлемінің 51,9 пайызын құрайды.

Бастауыш білім беру саласындағы қызметтердің жалпы көлемі – 14,8 пайыз. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қызметі – 11,9 пайыз. Техникалық және кәсіптік арнайы орта білім саласында қызмет көрсету 9,8 пайызды құраса, білім берудің өзге түрлері 11,6 пайызға жеткен.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау