Солтүстік Қазақстан газеті

СӘБИ ЖҮРЕКТІҢ ЛҮПІЛІ

Печать PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған “Менің Қазақстаным!” шығармашылық байқауына қатысқан балалар марапатталды. Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының грамоталары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.

argaiv1087

Мансұр Абзалдың салған суреті – 1-ші орынға, Дильназ Қадыржанның шығармасы – 2-ші, Мөлдір Әмірдің шығармасы 3-ші орындарға лайық деп бағаланды. Сонымен қатар, Әдия Шынтемірдің, Аяжан Қабдөшеваның, Айсана Айтжанованың, Ғазиз Әмірдің шығармашылық жұмыстары да Бас прокуратура тарапынан атап өтілді.

Конкурсқа қатысқан басқа да балалардың еңбектері ескерусіз қалған жоқ. Он бір жеткіншек облыс прокурорының грамотасымен марапатталды. Балалар мен олардың ата-аналарына, әжелеріне арнайы дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

Облыстық прокуратура “Мектепке жол” акциясы шеңберінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қайырымдылық жасағанын да айта кеткен жөн. Әріптестеріміз ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың “Болашақ” отбасына көмек көрсетті. Бұл отбасында 13 бала тәрбиеленуде. Прокуратура қызметкерлері оларға мектепке қажетті заттарды сатып әперді.

Сонымен бірге прокуратура қызметкерлері өздері қамқорлыққа алған Марина Ляшеваның отбасына да барып, қызы Дашаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлады. Мүгедек ана өз ризашылығын білдірді. Қызылжар аудандық прокуратурасының қызметкерлері де аз қамтылған отбасының 4-сынып оқушысына мектеп киімдерін сатып әперді. Прокуратура тарапынан осындай игі шаралар әлі де жалғаса бермек.

Гүлмайра КЕНЖЕБОЛАТОВА,

облыстық прокуратура аппаратының

бас маманы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау