Солтүстік Қазақстан газеті

БӨБЕКЖАЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛУДЕ

Печать PDF

Облыс орталығындағы “Солнышко” бөбекжайына күрделі жөндеу жүргізілуде. Биыл бұл мектепке дейінгі білім мекемесінің терезелері мен едені ауыстырылмақ. Құрылыс жұмыстарына “СанТехЭлектроМонтаж” ЖШС жауапты.

argaiv1208

1975 жылы ашылған бөбекжай бұған дейін толыққанды жөндеу көрмеген. Тек 2009 жылы шатыры ауыстырылған екен. Енді құрылысшылар мұнда дәліздерді түгелдей ретке келтіріп, есіктер мен терезелерді жаңартуда. Қайта қалпына келтіру жұмыстары “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Қалалық бюджеттен бұл мақсатқа 2 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. “СанТехЭлектроМонтаж” ЖШС құрылыс жұмыстарын мерзімге сәйкес орындап келеді. “Мұндай қарқынмен жаңа оқу жылына дейін үлгереміз деген ойдамын. Бүгінгі күні терезелер ауыстырылып, әрлеу жұмыстары басталып кетті”, – деді бөбекжай меңгерушісі Марина Артеменко.

Білім мекемесіндегі жөндеу жұмыстарына негізінен білікті мамандар тартылған. Солардың бірі Вячеслав Иванюк – 30 жылдық еңбек өтілі бар құрылысшы. Оның пікірінше, бөбекжайды қалпына келтіру жұмыстары тамыздың ортасында тамамдалуы тиіс.

Биыл облыс орталығындағы 6 балабақша жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 7 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау