Солтүстік Қазақстан газеті

ӨРКЕНДЕЙ БЕР, ӨР ҚАЛАМ!

Печать PDF

Мұң мен шерін жинап алып ғаламның,

argaiv1293

Беу, Астана, шақсам ба екен саған мұң?

Сенің зәулім үйлеріңе көз тастап,

Армандары аласұрды адамның.


Бар қазақты бауырыңа бастың да,

Жанарына жалын бердің жастың да.

“Менің байтақ елордам” деп мақтанған,

Үмітіне үміт қостың қарттың да.


Жету үшін саған бәрі асықты,

Жақын еттің алыс пенен қашықты.

Ауылдағы ағайынның гүлденген,

Әр минутың мерейлерін тасытты.


Сарыарқаның самал нұрын соқтырып,

Сен келесің көңілдерді тоқ қылып.

Өркендей бер, өсе берші, өр қалам,

Маңдайларды қуанышқа өптіріп!


Беу, Астанам, өшкенімді жандырып,

Жайна, қалам, Сарыарқада сән құрып!

Бала пейіл қазағымның арманын

Еткізгейсің, “Мәңгілік Ел”, мәңгілік!


Бақтыбек БАЙДУЛЛАЕВ,

Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау