Солтүстік Қазақстан газеті

“ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ, ЖЕТІ ТҮРЛІ БІЛІМ БІЛ”

Печать PDF

Жомарт БОРАНБАЕВ,

argaiv1900

Келлеровка орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Жуырда біздің мектебімізде “Политілділік және полимәдени білім беру жүйесінде интегралды үрдістер жолдарын оңтайландыру” тақырыбына арналған аудандық коллоквиум өтті.  

Семинардың бірінші бөлімі “Біздің тағдырымыз табиғатпен бірге” деп аталды. Аталған тақырып бойынша Келлеровка орта мектебінің оқушылары баспасөз мәслихатын өткізді. 10-сынып оқушысы Темірлан Ақаев пен 11-сынып оқушысы Алена Каско іс-шараны үш тілде жүргізді. Баспасөз мәслихаты барысында ауылдың, ауданымыз бен облысымыздың экологиялық мәселелері қозғалды. Бұл іс-шараның тағы бір айта кетерлік ерекшелігі – әртүрлі мамандық иелеріне залда отырған тілші-оқушылардың әр тілде сұрақ қоюы және оған мамандардың сол тілде жауап беруі.

Семинардың екінші бөлімі “Политілділік және полимәдени білім беру жүйесінде интегралды үрдістер жолдарын оңтайландыру” тақырыбына арналған баяндамалармен жалғасты. Онда әр тілде сабақ беретін мұғалімдер өздерінің мектептерінде көп тілді үйрету мәселелері қандай деңгейде жүріп жатқаны туралы ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды. Мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Виктория Новицкая өзінің іс-тәжірибесінде тілді үйрету мәселелері туралы ой бөлісті. Тайынша қаласындағы №5 мектептің музыка пәні мұғалімі Самал Есмұқанова музыка арқылы да тілді үйретуге болатынын дәлелдеп көрсетті.

Семинардың үшінші бөлімі “Бірлігіміз жарасқан, шаңырағымыз – Қазақстан” деген мерекелік бағдарламаға ұласты. Мектеп оқушылары Англия, Германия, Польша, Ресей елдеріне виртуалды саяхат жасады. Сахна төрінде қазақ, ағылшын, орыс, неміс, поляк тілдерінде ән шырқалып, би биленді. “Қазақстан” деген ортақ шаңырағымыздың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың өнері көрермен назарына ұсынылды.

Тайынша ауданы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау