Солтүстік Қазақстан газеті

Ұстаздар форумы

Печать PDF

Облыс орталығында жас педагогтердің форумы өтті. Онда геометрия, физика, математика және информатика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер бас қосты. Форум аясында ұстаздарға құлтемірлерді құрастырып, оны басқару жөнінде шеберлік сағаты өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, робототехника оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттырады. Өкінішке қарай, мұғалімдер назарына ұсынылған құлтемірлер ауылды жерлерде жоқ. Бірақ қазір техниканың дамыған заманы. Сондықтан да қызығушылық танытқандар ғаламтордан құлтемірлерді онлайн тәртіпте құрастыра алады. Заман талабына сай болуды мақсат еткен жас мамандардың бірі – Райымбек Дәукен.

argaiv1259

– Өткізген сабақтарды бейне-таспаға түсіріп алып, оны сол күні келмеген оқушыларға кейін көрсетуге болады екен. Осындай жақсы тәсілді бүгінгі форумда білдім.

Ең бастысы – оқытудың жаңа әдістері арқылы оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуге болады, – дейді Ақжар ауданынан келген тарих пәнінің мұғалімі.

Форумға қатысушылар онлайн тәртіпте өңірлердегі басқа әріптестерімен де тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылына дайындықтарын пысықтады.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау