Солтүстік Қазақстан газеті

Жүректен шыққан лебіздер

Печать PDF

Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін.

argaiv1582

Мұхтар ӘУЕЗОВ.

* * *

Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті.

Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ.

* * *

Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады?!

Әлихан БӨКЕЙХАНОВ.

* * *

Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан Жұмабаев.

Зейнолла ҚАБДОЛОВ.

* * *

Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір “әдебиеттің жұлдызы боламыз” деп жүргендер сөніп қалады.

Ілияс ОМАРОВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау