Солтүстік Қазақстан газеті

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

Печать PDF

argaiv1682

Ерлер арасында тасжолдағы республикалық велокөпкүндік өз мәресіне жетті. Бес күнге созылған байрақты додаға 17 мен 30 жас аралығындағы 82 велошабандоз қатысқан болатын.

 

Кілең мықтылар бақ таластырған сайыстың жеті кезеңінің қорытындысы бойынша 756 шақырымды 17 сағат 33 минут 19 секунд уақытта жүріп өткен қостанайлық велоспортшы Дмитрий Лукьянов республикалық турнирдың жеңімпазы атанды. Мәреге одан 12 секундтқа кешігіп жеткен петропавлдық спортшы Никита Соколов екінші болса, тағы бір жерлесіміз Александр Овсянников үздік үштікті түйіндеді.

Тартысты сайыстың жалпыкомандалық қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық саңлақтар жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Астана қаласының өкілдері екінші, ал қостанайлықтар үшінші орынға табан тіреді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау