Солтүстік Қазақстан газеті

Алтынға пара-пар күміс

Печать PDF

Жерлес боксшы Евгений Павлов Германияда өткен “Бранденбург кубогы” жарысынан жүлделі оралды. Дәстүрлі сайысқа 20 елдің үздік боксшылары қатысса, Қазақстанның намысын бес былғары қолғап шебері қорғады. Жарыстың қорытындысы бойынша үш жерлесіміз қола жүлдеге, ал күміс медальға Евгений Павлов ие болды.

argaiv1087

52 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлес боксшы италиялық былғары қолғап шеберімен болған бірінші кездесудің екінші раундында нокдаун алғанына қарамастан, қарсыласын тізе бүктірді. Одан кейін Испания мен Украина спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Алайда, ұйымдастырушы тараптың спортшымыздың визасын рәсімдеу барысында жіберген қателігінің салдарынан жерлесіміз ақтық сында өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп, елге уақытынан бұрын оралуға мәжбүр болған ол халықаралық жарыстың күміс медалін қанағат тұтты.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау