Солтүстік Қазақстан газеті

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Печать PDF

Қазақстандықтардың референдум барысында ортақ таңдауына айналған Ата Заңның қабылданғанына биыл 22 жыл толып отыр. Содан берi Негiзгi Заңымыз Тәуелсiздiктiң, елдегi тұрақтылықтың алтын қазығына, елдiгiмiздiң бағдарына, келешектiң кепiлiне айналғанын көрсетiп келедi. Ең бастысы, Ата Заң – ел Тәуелсiздiгiн айғақтайтын құжат. Сол үшiн де Конституция күнi – елiмiз үшiн қастерлi мереке.

argaiv1322

Қазақстан Республикасының Конституциясы конституциялық заңдардың, кодекстердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Парламенттің және оның палаталарының нормативтік қаулыларының, сондай-ақ, Үкімет қаулыларының қабылдау тәртібін анықтайды.

Ширек ғасырдан бері елімізде құқықтық мемлекетті құруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік және тағы да басқа салаларда еңбек, әкімшілік, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқарушылық құқықтық, қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа кодификацияланған нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Кодекс – бұл біртектес маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктірілген және жүйелендірілген заң.

Кодекстерден басқа “Кәсіби одақтар туралы”, “Рұқсаттар және хабарламалар туралы”, “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы”, “Оңалту және банкроттық туралы”, “Инновациялық технологиялар паркі” инновациялық кластері туралы”, “Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы”, тағы басқа жаңа заңдар қабылданды.

Аталған нормативтік-құқықтық актілер инновациялық индустрияландыру трендін күшейту, барлық құқық қорғау жүйесінің сапасын арттыру, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай қадам басу, адамның бірігу, еңбек ету бостандығына, кез келген кемсітушіліксіз еңбегі үшін сыйақы алу сияқты конституциялық құқықтарын нығайтуға бағытталған стратегиялық мақсатқа сәйкес қабылданды.

Мысалы, Қазақстан Республикасының “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Егер бұрын азаматтар жаңа заң бойынша бірінші санаттағы рұқсат деп аталатын лицензияның бар екенін ғана білсе және тек сала мамандары өз тәжірибесінде техникалық реттеу, құнды қағаздар, валюталық операциялар және тағы да басқа салаларда рұқсаттардың (немесе хабарламалардың) қажет екендігін біліп жататын. Ал жаңа заңда мемлекеттік органдар беретін (қабылданатын) Қазақстан Республикасындағы барлық рұқсаттар мен хабарламалар бар нормативтік-құқықтық актілер аталып өтілген.

Қазақстан Республикасының заңнамасындағы мұндай өзгеріс Ата Заңда көрсетілген кәсіпкерлік қызмет бостандығына деген әр адамның конституциялық құқығын одан әрі нығайтады, әр қазақстандықтың әлеуетін арттырады, “Қазақстан – 2050”: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Стратегиясын, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді.

“Қазақстан – 2050”: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнес – бұл қоғамның экономикалық негізі, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүр болуы тиіс, ол үшін жекеменшік институтын заңнамалық нығайту бойынша кешенді шешімдер қажет екенін атап өтті. Олай болса, Конституция “Қазақстан – 2050”: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Стратегиясының, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асырудың құқықтық іргетасы деп айта аламыз.

Қолданыстағы Конституцияны қабылдаған кезден бері оған төрт рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ең елеулі өзгерістер 2007 жылы енгізілді. Ол кезде пропорционалды сайлау жүйесіне көшіріліп, парламенттік көпшілікпен Премьер-министрді бекіту туралы нормаларды және Үкімет басшысын тағайындау кезінде партиялық жіктермен президенттің кеңес тәртіптерін енгізу есебінен парламент мәртебесін нығайту өзгерістері енгізілді, Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді және өздерінің өкілдерін белгіленген квотаға сәйкес Парламент Мәжілісі мен Сенатына жіберу құқығын алды.

2011 жылғы ақпанда Конституцияға енгізілген өзгерістің көздегені ел президентін тағайындау және кезектен тыс сайлауын өткізудің конституциялық негіздерін белгілеу болды. Ал үстіміздегі жылғы наурызда Конституцияға Астана шеңберінде қаржы саласында ерекше құқықтық режім орнату мүмкіндігін беретін өзгерістер қайта енгізілді, террорлық қылмыстар жасағаны үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мүддесіне өмірлік маңызы бар өзге ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімі бойынша азаматтықтан айырудың негіздері көзделген, Қазақстан Республикасының Президентіне деген талаптар толықтырылған. Сондай-ақ, Үкіметті және басқаларды қалыптастыру кезіндегі Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейтілді.

Бұл өзгерістер халық арасында талқыланып, қазақстандықтардың пікірлері мен ұсыныстары ескерілді. Осы орайда 2012 жылы Елбасының бастамасымен құрылған “Қазақстандық заңгерлер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігі маңызды оқиғадан тыс қалмады. Құрылтайшылары еліміздің республикалық нотариаттық палатасы, прокурорлардың қазақстандық қауымдастығы, адвокаттар алқасы, судьялар одағы болып табылатын қоғамдық бірлестіктің облыстық әділет департаменттері жанынан құрылған филиалдары арқылы жалпыға ортақ талқылау кезінде апта сайын өз ұсыныстарымызды енгізу мүмкіндігіне ие болдық. Сонымен қатар әділет департаменті Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерді әзірлеуге тікелей қатысты.

Облыстық әділет департаменті осы бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастырады, өйткені, бүгінгі күні көпэтносты қазақстандық қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту, халықтың азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту – біздің басты мақсатымыз.

Руслан КӘКТАЙ,

облыстық әділет департаментінің басшысы, “Қазақстандық заңгерлер одағы” республикалық

қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау