Солтүстік Қазақстан газеті

Ағаштан көмір жасайды

Печать PDF

Мағжан Жұмабаев ауданында жаңадан құрылған “Базилик” және “Азия-Vuds” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмысын бастады.

argaiv1797

Конюхов ауылындағы “Базилик” ЖШС-і ағаш көмірін өндірумен айналысады. Кәсіпкерлік директоры Константин Михайлиди әзірше 6 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ал болашақта кәсібін кеңейту үшін ағаш өндіруді де қолға алмақ.

Хлебороб ауылында іргесі қаланған “Азия-Vuds” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де осы кәсіппен айналыспақ. Серіктестік басшысы Дмитрий Постовой бұл істі бастау үшін 300 млн. теңге қаражат жұмсағанын айтады. Қазіргі таңда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған ол алдағы уақытта жұмысшылардың санын 25-ке жеткізуді жоспарлап отыр.


“Қызылжар-Ақпарат”.


Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау