ЖЕҢІМПАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ, ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ тамыз айының алғашқы күні өзіне тиесілі “Сұңқар” сауықтыру кешенінде балаларға арналған жаңа

маусымды ашып, соған орай жергілікті атқарушы билік өкілдері мен компанияның басшылары салтанатты жиынға қатысты.

Ақмола облысының табиғаты сұлу Зеренді көлінің жағалауында қанат жайған “Сұңқар” он төрт жыл бойы ересектерге де, балаларға да есігін айқара ашып, олардың демалыстарын көңілді өткізіп келеді.

Биыл әрбіреуі он бес күнді қамтыған бес маусым ұйымдастырылды. Бірінші тамызда ашылған жаңа маусымда 10-14 жас аралығындағы балалар бас қосты.

“Сұңқарға” грек-рим күресінен 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Юрий Мельниченко мен гимнастикадан Азияның екі дүркін чемпионы Анна Алябьеваның келуі балалар үшін тамаша тарту болды.

Петропавлдан, Ақтаудан, Атыраудан, Астана мен Жаңаөзеннен келген балалар әйгілі спортшылармен жүздесу қуанышына бөленді. Ю. Мельниченко жасөспірімдерге күрестің амал-айлаларын көрсетсе, А. Алябьева қыз балаларды көркем гимнастиканың сымбат өнерімен таныстырды.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.