“АРМАНДАҒЫ” АЛАҢСЫЗ КҮНДЕР

Биылғы жылы Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Қатаркөл ауылында орналасқан “Арман” жазғы сауықтыру

лагеріне тайыншалық оқушылар да жолдама алып, 6 ауысымда 600-ге жуық аудан оқушысын қамту жоспарланған болатын. Бұл мақсатқа аудандық “Жаппай оқыту” қорының қаражаты есебінен 2 миллион 460 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар жазғы демалыстарын тегін әрі қызықты өткізу мүмкіндігіне ие болды.

“Арман” лагерінде 1 ауысымда 40 баладан құралған отрядқа жетекшілік еткен тәрбиеші-ұстаз Асылгүл Мұханбеталинаның айтуына қарағанда, балалар демалысының ұйымдастырылуы ерекше. 10 күндік ауысым оқушыларға арналған қызықты ойындар, спорт сайыстары мен түрлі тақырыптағы ертеңгіліктерге толы. Ал, жеткіншектерді толыққанды демалыс және сапалы қызметпен қамтамасыз ету сауықтыру орталығының басшысы Кенже Алтаеваның жіті бақылауында.

Жолдама алып, демалысқа барған тайыншалық оқушылар “Арман” сұлтаны”, “Арман” аруы” аталымдары бойынша жеңімпаздар қатарынан табылып, өздерінің өнерлерімен қатар, білімдерін де таразылап қайтты. Лагерь басшылығының ұйытқы болуымен басқа да көптеген мазмұнды іс-шаралар ойын негізінде құрылғанымен, олардың тәрбиелік, танымдық маңызына баса назар аударылған екен. Әсем табиғат аясындағы демалыс, сауықтыру орталығындағы қызық-қуанышқа толы сәттер балғындардың жадында мәңгілікке сақталары сөзсіз.

Айгүл ТӘШЕТОВА,  

журналист.

 Тайынша қаласы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.