КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Көлік нысандарында заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғам мүддесін, азаматтардың конституциялық

құқықтары мен бостандықтарын, кәсіпкерлікті қорғау бойынша көлік прокуратурасының жарты жыл ішінде атқарған жұмыстары аз емес.

Жыл басынан бері прокурорлар темір жол және басқа көлік түрлерінде 265 заңсыздықты анықтап, оларды жою бойынша 29 ұсынысты қараған болатын. Жалпы, алты ай ішінде көліктегі прокурорлардың әрекет етуімен 47 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 30 заңсыз акті жойылып, өзгертілді.

Көлік прокурорларының азаматтардың конституциялық құқықтары мен көлік қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғау ісінде де еңбектері елеулі. Көліктегі әлеуметтік проблемаларға ұдайы көңіл бөлініп, сала қызметкерлерінің еңбекақысының уақтылы және толық төленуі басты назарға алынған. Биыл көлік саласындағы 71 қызметкердің құқықтары қорғалып, қайтарылған 10 миллион теңгеден астам шығын сомасының 3 миллионы мемлекеттік бюджеттің меншігіне өтті. Аэропорт басшыларының 40 миллион теңгеге жуық еңбекақы қарызы көліктегі прокурорлардың тікелей араласуымен қызметкерлерге қайтарылды.

Мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау ісі де прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Жыл басынан бері жер және экология заңдарын өрескел бұзғандар, мемлекетке шығын келтіріп, қоршаған ортаға залалын тигізгендер құқық қорғаушылардың құрығына түсті. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы шығын көлемі 5,8 миллион теңгені, экологияға келтірілген зардап сомасы 23 миллион теңгені құраған. Енгізілген актілер бойынша 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,3 миллион теңгенің айыппұлы салынды.

Биылғы жылы көлік прокурорларының арыздары бойынша коммуналдық меншікке өткен және иесіз қалған 1,4 миллион теңгенің халықтық тұтыну тауарлары сауда өткізу арқылы сатылды. Сонымен қатар, прокурорлық актілер арқылы аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету аясында заңсыз қолданған 13,4 миллион теңгенің тауары мемлекет қазынасына қайтарылды.

Жыл сайын көлік инфрақұрылымын жетілдіріп, жаңартуға мемлекет тарапынан қаржы аз бөлініп отырған жоқ. Әйтсе де оны мақсаттан тыс пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер бұл саладан да табылып, 3 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Нұрболат ҚАТУОВ,

облыстық көлік прокуроры.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.