“АВТОБУС” ШАРАСЫ АЯҚТАЛДЫ

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері 5 тамыздан бастап республикалық “Автобус” жедел-алдын алу шарасы аясында

жұмыс істеді. Оған күн сайын 267 полиция қызметкері тартылды, олардың 193-і – жол-патрульдік полиция инспекторлары және 52-сі – басқа қызметтерден.

Облыстық әкімшілік полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сайлаубек Мусиннің айтуынша, “Автобус” жедел-алдын алу шарасының мақсаты – жолаушылар көлігінің жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы тәртібін (ЖҚТ) өрескел бұзушыларының жолын кесу, автобустардың техникалық жағдайын тексеру, автобустарды нормативтер мен стандарттар талаптарын бұза отырып басқару және пайдалану фактілерін ашу. Сонымен бірге, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режімін, сол сияқты белгіленген жолаушылар тасымалы нормаларын сақтауына тексеріс жүргізілді.

“Автобус” шарасын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері қызмет жасаудың қатайтылған тәртібіне көшірілді. Инспекторлар автопатрульдердің құрамында көше айрықтарында кезекшілік етті.

Облыстық әкімшілік полициясы басқармасының ақпараты бойынша шара барысында жолаушылар көлігінің жүргізушілері арасында 130 жол қозғалысы тәртібін бұзушылық ашылды. Оның 24-і – маневр жасау тәртібін бұзу, 6-уы – жылдамдық режімін сақтамау, 2-еуі – рульде отырып, ұялы телефонмен сөйлесу. Мас күйінде көлік басқарған екі жүргізуші ұсталды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз

қызметінің инспекторы.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.