ТҮЗДЕГІ ҰЛҒА ҮЙДЕ ТӘРБИЕ БЕРІЛМЕСЕ...

Кәмелет жасына толмағандар жасайтын қылмыстардың алдын алу мақсатында “Балалар – түнгі клубтарда” республикалық

шарасы өткізілуде. Жедел-алдын алу шарасы басталған күннен бері полиция қызметкерлері түнгі клубтарда 207 жасөспірімді анықтап, олардың 174-і әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды.

Кешкілік және түнгі мезгілде бетімен жүрген 9 бозбала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Ұсақ бұзақылығы үшін – 13, тыныштықты бұзғаны үшін – 29, алкогольді ішімдіктер ішкені үшін – 32 жасөспірім және балаларды тәрбиелеуге немқұрайды қараған 60 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Юрий КЛЫКОВ,

 облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.