Сіз мындасыз: Home Елде РАШИД МЕРЕДОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

РАШИД МЕРЕДОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер

министрі Рашид Мередовті қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Түрікменстанның біздің елге жақын әрі бауырлас мемлекет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Р.Мередов Президент Гурбангулы Бердымухамедовтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы құрылысының барысы туралы әңгімелеп, оны іске қосудың әуелгі мерзімі жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар, Р. Мередов сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, отын-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты іс-қимылдардың дамуын атап өтті.

  Akorda.kz

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.