Сіз мындасыз: Home Елде СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Президентіне Төтенше және өкілетті елшілер – Малайзиядан Хидайат Абдул Хамид, Эстония Республикасынан

Яан Рейнхольд, Ливиядан Салим Абдурахман әл-Суейти, Иран Ислам Республикасынан Можтаба Дамирчилу, Тәжікстаннан Назирмад Ализода, Канададан Шон Стайл сенім грамоталарын тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді біздің елдегі дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы дипломаттардың жаңа қызметтеріндегі белсенді жұмыстары өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев республика экономикасының қарқынды өсуі, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын әзірлеу бұдан да тиімді серіктестікке іргетас болатынын айтты.

Мемлекет басшысы біздің еліміз шетелдік инвесторларға бірегей мүмкіндіктер ұсынатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев біздің республикамыз энергияның балама көздерін табуға және “жасыл технологияларды” дамытуға баса көңіл бөліп отырғанын айтты. 2017 жылы Астанада “Болашақтың энергиясы” тақырыбына арналған халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесі өтетінін еске салды және оның дайындығы мен жұмысына белсене қатысуға шақырды.

Қазақстан Президенті әлемде үлкен алаңдаушылық туғызып отырған қақтығыс ошақтары көбейгеніне назар аударды.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.