Сіз мындасыз: Home Елде БIЛIМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ БАСТАЛДЫ

БIЛIМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ БАСТАЛДЫ

Астанада Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссиясы

өз жұмысын бастады. Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының өкiлдерi, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, Қазақстанның азаматтық альянсы және жоғары оқу орындарының ректорлары кіреді. Жалпы, 2014-2015 оқу жылында 34 165 грант, оның iшiнде 2 530 орын ЖОО даярлық бөлiмдерiне, 31 635 грант 1-курсқа түсетiндерге беріледі. Колледждердi бiтiргендердi қолдау мақсатында қысқартылған оқу түрiне 2875 грант қарастырылды. Бiлiм грантын тағайындау конкурсына 69 624 талапкер қатысуда. Қатысушылар арасында 1 732 “Алтын белгi” иегерлерi, 322 Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң түлектерi, 179 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңiмпаздары бар.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.