Сіз мындасыз: Home Елде МҮШӘЙРАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

МҮШӘЙРАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық тойына арнап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жариялаған аламан жыр бәйгесі

мәресіне жетті. Мүшәйрада еліміздің белгілі ақындары мен жас таланттар бақ сынасты. Бәйге қоржынына келіп түскен туындылардың ішінде батыр болмысын жан-жақты сомдаған көлемді поэмалар да, толымды толғаулар да, өрнекті өлеңдер де болды. Ер Жәнібектің тарихи тұлғасын жырлай отырып, бүгінгі күннің биігінен сөз айта білген, заман тынысын, қоғам келбетін тереңнен қозғаған көркем туындылар басты назарда ұсталды.  

Бас жүлдені (темір тұлпар) “Ерлік жыры” атты өлеңімен қазақтың арқалы ақыны, Алаш сыйлығының иегері Жүрсін Ерман жеңіп алды. Бірінші орын алматылық танымал ақын Бақытбек Бәмішұлының “Рух жыры – Ер Жәнібек” поэмасына берілді. Екінші орындарды “Ер Жәнібек” өлеңімен өскемендік Азамат Тасқара және “Жәнібек – Ер Жәнібек – Би Жәнібек” дастанымен жезқазғандық Кенжебай Ахметов еншіледі. Үшінші орындарды моңғолиялық Сұраған Рахметұлы “Жарқа Эльбрусі”, “Кие” атты өлеңдері үшін, астаналық Ақберен Елгезек “Ер Жәнібек, Ер Жәнібек!” толғауы үшін, өскемендік Әскерхан Ақтай “Қырлаулы найза қолға алған” толғауы үшін иеленді.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.