ТҰҒЫРДЫҢ БИІГІН ТҮГЕЛІМЕН ИЕЛЕНДІ

Осы лебізді Павлодарда велоспорттан өткен ел чемпионатында сынға түскен жерлестеріміздің жетістіктеріне сүйсіне

отырып, айтар едік. Олар жалпыкомандалық есепте бас жүлдені еншіледі.

Жекелей жарыстарда да жерлес велошабандоздарымыз шашасына шаң жұқтырмады. Атап айтқанда, 8,3 шақырымда Олег Земляков бірінші орын алса, оның серігі Степан Астафьев қола алқаға қол жеткізді.

Жарыстың бірінші кезеңіндегі 116 шақырым жолдың қорытындысында Вадим Галеевке жоғарыда аталған екеу қосылып, жеңіс тұғырын “жаулап” алды.

Ал 128 шақырымдық жолда Тарас Воропаев бас жүлдені, Кирилл Пролубников екінші орынды иеленді. Үшінші кезеңде велошабандоздар 120 шақырым қашықтықта тартысқа түсіп, Т. Воропаев күміс алқаны қоржынға салды. Төртінші кезең ең қашығы – 130 шақырым. В. Галеев пен С. Астафьев өзгелерден мерей асырды.

О. Земляков 15 шақырымдық жеке жарыста жеңіске жетсе, С. Астафьев оның ізін іле-шала келді.

В. Галеев 97 шақырым айналмалы жолда да, сондай-ақ, 93 шақырым қашықтықта да бас жүлделерді өзгелерге бұйыртпады. Соңғы жолда оған Т. Воропаев қана үзеңгі қағыстыра алды.

Барлық қашықтықтарды қорытындылай келгенде, тұғырдың биігін түгелімен жерлестеріміз иеленді. Ретімен айтқанда, О. Земляков, С. Астафьев, В. Галеев жүлделерді бөліссе, К. Пролубников төртінші орынды олжалады.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.