АРДАГЕРДІ АРДАҚТАҒАН ТУРНИР

Жақында Уәлиханов ауданының “Жастар бастамалары” орталығы Кішкенекөл ауылында спорт ардагері

Болат Қорқытовтың құрметіне шағын футболдан ұйымдастырған турнирде жергілікті алты команда және көрші Ақжар ауданындағы Талшық ауылының футболшылары жүлделерді сарапқа салды.

Командалар екі топта шеберлік салыстырды.

“Қызылту” футбол командасы бірінші жүлдені иеленсе, екінші орын Бидайық ауылының ойыншыларына бұйырды. Ал үшінші жүлдені “Қаракөл” аулалық футбол командасы қанжығасына байлады.

Бірнеше аталымдар бойынша үздік ойыншылар анықталып, марапатталды.

Турнирдің жабылу салтанатында аудан әкімі Аман Төрегелдин Болат Қорқытовты құттықтап, жастардың одан өнеге алып, спортта жетістіктер иеленуіне тілектестігін білдірді.

Медет САЙТКЕН,

“Жастар бастамалары”

орталығының директоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.