“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” БАСТАЛДЫ

Облыстық білім басқармасында “Мектепке жол” акциясына орай баспасөз конференциясы болып өтті.

1 тамыздан бастап мәре алған, үстіміздегі жылы 7-ші рет өткізіліп отырылған жалпыреспубликалық шара бұл жолы “Балаға мейірім сыйла!” ұранымен бастау алып отыр. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Білім басқармасындағы кәмелетке толмаған жетім балалар және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың құқығын қорғау жөніндегі бөлімнің жетекшісі Ғалия Ілиясова жиналғандарға аталған акцияның мақсаты жайлы баяндап берді. Акция бойынша жүзеге асырылатын шаралар – балалардың әлеуметтік жағдайларына орай мектепке бармауына жол бермеу, соған байланысты тұрмысы төмен отбасыларының балаларына материалдық көмек көрсету. Мұндай ізгілікті іске қала ғана емес, барлық аудандар белсене атсалысуға тиіс. Акция барысында жәрмеңкелер өткізу дәстүрге айналған. Онда тұрғындардың қолайлы бағамен мектеп тауарларын сатып алуларына мүмкіндік туады. Сондай-ақ, “Балаға мейірім сыйла!” ұранымен өткізіліп жатқан шараға қолдау көрсетуді өздеріне абыройлы борыш санайтын кәсіпкерлерді көбірек тарту көзделген.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.