ҰЖЫМ МАҚТАНЫШЫ

“Еңбегіне қарай өнбегі” деген нақыл Петропавлдағы көпсалалы жабдықтар зауытының тәжірибелі де білікті жұмысшысы

Кеңес Рауановқа да арнап айтылған ба дерсің. Аталған кәсіпорында өзінің іске деген ықыласымен және тындырымдылығымен көзге түсіп жүрген оны әріптестері құрмет тұтса, жастар тәлімгер ретінде ардақтайды.

Кеңес Рауановтың еңбек өтілі отыз екі жылдан асады. Алтыншы дәрежелі озат қырнаушының дайындаған бөлшектерінің сапасына техникалық бақылаушылар ешбір мін таға алмайды. Соның арқасында ол дайындаған жабдықтарға қажетті бөлшектер қайтарылып келмей қабылданады. Күндік тапсырысын үнемі артығымен орындайтын еңбек озатының ұжым мақтанышына айналуының сыры да осында.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.