ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы” АҚ жыл сайын кәсіпорын қызметкерлерінің балаларының жазғы

демалысын қызықты әрі көңілді өткізуін ұйымдастырып келеді.

Қалалық лагерьлерде бір балаға арналған жолдама 17 мың теңгені құраса, ал ауыл балалары 10-14 мың теңгемен демалады. Аталмыш компания дәстүрге айналдырған игі шараның арқасында жолдаманың 40 пайызын төлейді, ал 40 пайыз жеңілдікті жұмыс беруші жақтың кәсіподақ ұйымы қарастырады. Ал қалған жиырма пайызы ата-аналар тарапынан бөлінді.

Үстіміздегі жылы энергетика мамандары балаларын Петропавл қаласындағы “Достық” және “Березка”, облыс аумағындағы “Аютас”, “Родник” және “Лесная поляна” сынды жазғы демалыс орталықтарына үш ауысым бойынша жіберді. Барлығы алпыс бес жолдама беріліп, 1 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды, – дейді компанияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Наталья Гриднева.

Аталмыш компания балаларға әртүрлі бағыттағы танымдық ойындар, қуанышты көңіл күй сыйлаумен қатар басқа да іс-шаралардың өтуіне, сондай-ақ, бір топ жеткіншектердің Астана қаласына экскурсияға баруына жағдай жасады.

Александр СЕМЕНЧУК,

Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы”

АҚ-ның баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.