КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев Достық үйінде

өңір кәсіпкерлерімен кездесті.

Жиын басында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов өңір экономикасының дамуына қысқаша тоқталып өтті.

Облыста шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнімнің үлес салмағы 25,6 пайызды құрайды. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен біршама артық. Биылғы жылы өңір кәсіпкерлерінің шығаратын өнімдерінің де, тиісінше олардан түсетін салықтың да мөлшері едәуір артты. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік қолдаудың шарапатын сезінуде, – деген Ерлан Әукенов соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 2,5 мыңнан астам кәсіпкерге 400 миллиард теңгенің көмегі көрсетілгенін мәлімдеді.

Жалпы, өнеркәсіп өндірісі биылғы жылдың 6 айында 4,3 пайызға артып, бұл салада облыс ел бойынша екінші орыннан көрінген. Ал Индустрияландыру картасы аясында соңғы бірнеше айдың ішінде 100-ден астам жобаның тізімі жасалып, оларды қорғау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жетілдіру бағытында 26 жоба әзірленіп, оның аясында 10 балабақша ашу, мектеп қазандықтарын жаңғырту, қоқыс өңдеу зауытын салу сияқты ауқымды шараларды атқару көзделіп отыр.

Өңір экономикасының даму деңгейінен хабардар болған Азат Перуашев бәсекесі жоғары бірыңғай нарыққа енгелі отырған ел экономикасын көтеріп, тұрғындардың хал-ахуалын жақсарту мақсатындағы жүйелі жұмысты еңсеру ісіне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Кеден одағы аясында техникалық тәртіпті жетілдіру мәселелері бойынша ел кәсіпкерлеріне тиісті қолдаудың көрсетілетінін жеткізді.

Кәсіпкерліктің дамуына нұқсан келтіретін кедергілерді заң тұрғысында реттеуге қатысты ұсыныстарын білдірген кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді ресми түрде депутаттың өзіне жолдайтын болды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, 

Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.