ЖАҢА ӘДІСТЕМЕ

Қазіргі уақытта әлемдегі елдердің көпшілігі жұмыспен қамтылғандар және осындай мүмкіндікке ие бола алмай жүргендер

туралы деректер қалыптастыруда Халықаралық еңбек ұйымының критерийлеріне сәйкес экономикалық қызмет түрімен айналысатын, жұмыссыздарды және экономикалық енжар тұлғалар санағын жүргізуге мүмкіндік беретін халықтың пікірлерін жинау жолымен жүргізілетін еңбек нарығын іріктеп зерттеуді қолданады. Қазақстанда халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу 2001 жылдан бері тоқсан сайын жүргізіледі, онда 15 жас және одан жоғары жастағы 75 мыңға жуық адам зерттеледі. Солтүстік Қазақстан облысында зерттеумен 1006 үй шаруашылығы қамтылған.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар санын қоса алғанда, еңбек нарығының негізгі индикаторларын есепке алу әдіс-намасы Халықаралық еңбек ұйымының халықаралық стандарттарына, атап айтқанда, Халықаралық еңбек ұйымы құрастырған “KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылыққа” сәйкестендірілген. Нақты тұлғаны жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыспен қамтылмағандар қатарына жатқызу бойынша Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамалық әдістемесі көптеген елдердің статистикалық тәжірибесінде қолданылады, яғни ол халықаралық салыстырмалы деңгейде еңбек нарығының көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.

Халықтың пікірін жинау сұрақтардың жүйелік логикалық принципіне негізделген халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы негізінде жүргізіледі. Респонденттердің жауаптарынан халық экономикалық тұрғыдан белсенділігі бойынша жұмыспен қамтылғандарға (жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамту бойынша), жұмыссыздарға және экономикалық тұрғыдан енжар халық болып жіктеледі, ол халықтың экономикалық сипаттамасы және жұмыспен қамтылу мәртебесінің Халықаралық жіктемесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі қағидаттарына және ұсынымдарына сәйкес келеді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деген кімдер? Жұмыспен қамтылу мәртебесінің Халықаралық жіктемесіне (ICSE-1993) сәйкес жұмыспен қамтылғандар жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлерге және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жіктеледі.

Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлерге ақы төлеуді сыйақы түрінде (еңбекақы) көздейтін жалдау шарты бойынша (жазбаша немесе ауызша) жұмыс істейтін қызметкерлер жатқызылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – жалдау бойынша жұмыспен қамтылмағандар. Оларды қкелесі топтарға бөлуге болады:

жұмыс берушілер;

өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер;

отбасылық кәсіпорындарының ақы төленбейтін қызметкерлері;

кооперативтер мүшелері.

Жұмыс берушілерге қандай да бір экономикалық қызметтің түрінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тұрақты негізде бір немесе одан да көп қызметкерлердің жалдамалы еңбегін қолданатын тұлғалар жатқызылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер – ол экономикалық қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыратын және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын тұлғалар. Отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері – табысты ішкі отбасылық бөлу негізінде өзінің сыйақысын еңбекақы түрінде алмайтын отбасылық кәсіпорынның қызметкерлері. Кооператив мүшелеріне кәсіпкерлік қызметпен айналысатын еңбек кооперативінің мүшесі болып табылатын тұлғалар жатқызылады.

Облысымызда 2013 жылы халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу қорытындысы негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 114,0 мың адамды құрады (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 34,6%), соның ішінде жұмыс берушілер – 4,9 мың адам, өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер – 109,1 мың адам.

“Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық” санатындағы негізгі үлесті “өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер” (95,7%) құрайды, ол өз бетінше немесе бір немесе бірнеше серіктестермен жұмыс істеп, өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде қызметпен айналысатын және тұрақты негізде қызметкерлерді жалдамайтын тұлғалар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің ішінде (17,7 мың адам) 16,3% жеке негізде жұмыс атқарады (тіркелген және тіркелмеген жеке кәсіпкерлер), 83,7% – жеке қосалқы шаруашылығында өнім өңдірумен айналысады (өзі тұтынуы үшін, сонымен қатар сату үшін). 2013 жылы халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеудің деректері бойынша жеке үй іргесіндегі аулада жұмыспен қамтылғандардың әрбір бесіншісі (22%) жеке үй іргесіндегі ауладан алған өнімдерді өткізуден табыс алған.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көп бөлігі ауыл шаруашылығында – 94,9 мың адам (83,2%), бөлшек саудада – 10,4 мың адам (9,1%) және халыққа әртүлі қызмет көрсетуде (көліктік, денсаулық сақтау, білім беру және т.б.) – 7,5 мың адам (6,6%) өз қызметін жүзеге асырады.

Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеудің нәтижесі орташа алғанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған бір қызметкер аптасында 25 сағат жұмыс істейтінін көрсетеді және тек қана барлық өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 1 пайызы 5 сағат және одан аз уақыт жұмыс істейді.

Дамыған елдерде жұмыспен қамтылғандардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 12-14 пайызды құрайтынын айта кеткен жөн. Мысалға, Францияда – 11,0%, Германияда – 11,6%, Ұлыбританияда – 14,6%, Чехияда – 18,5%, Италияда – 25,1%, Кореяда – 28,2%, Түркияда – 37,1%.

Өткен жылы Елбасы “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам” деп аталатын бағдарламасында Үкіметке жүктеген тапсырмаларына сәйкес Статистика агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Өңірлік даму министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтаудың жаңа әдістемесін бекітті. Әдістеменің негізгі мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін тұлғалар санатын анықтауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар “Жұмыспен қамту жол картасы – 2020” тетігі арқылы, сондай-ақ, оларды формализациялау бойынша іс-шаралардың одан әрі жоспарлануын жүзеге асыру және зейнетақы жүйесімен қамту және әлеуметтік сақтандыру үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрылымын қалыптастыру.

Жаңа әдістемеге сәйкес Қазақстанда барлық өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар жұмыспен нәтижелі және нәтижесіз қамтылғандар болып 2 топқа бөлінеді. Топқа бөлу кезінде негізгі критерий тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруден алынатын орташа айлық табыстар деңгейі болып табылады. Бұл ретте орташа айлық табыс Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан ең төменгі күнкөріс мөлшерімен сәйкестендірілген.

2013 жылдың қорытындысы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санының ішінде нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 28,3%, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 71,7%.

Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу қорытындысы бойынша 2014 жылғы 1 тоқсанда өзін-өзі қамтыған тұлғалар саны 104,8 мың адамды немесе барлық жұмыспен қамтылғандардың 32,7%-ын құрады, жұмыс берушілер – 6,4 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер – 98,4 мың адам. Нәтижелі жұмыспен қамтылған халық 64 мың адамнан артты.

Осы ақпарат Қазақстандағы халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін қалыптастыру, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қалыптастыру әдістемесін түсіндіру мақсатында ұсынылды. Осы мәселе бойынша толығырақ ақпарат ҚР Статистика агенттігінің http: //www.stat.gov.kz/ ресми статистикалық ақпарат/ желдел деректер /еңбек/халықты жұмыспен қамту сайтында орналастырылған.

Ольга ПЕРЕПЕЧИНА,

облыстық Статистика департаментінің басшысы.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.