ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГРАРШЫЛАР ОРАҚ ТЕХНИКАСЫН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН АЛАДЫ

Әр тиыны есептеулі орақ науқаны кезінде фермерге қолайлы жағдай жасау үшін “КазАгроФинанс” АҚ-ы орақ техникасын алудың лизинг шартын барынша жеңілдететін “Орақ – 2014” бағдарламасын жасады.

“Орақ – 2014” бағдарламасы бойынша “КазАгроФинанс” АҚ-ы қазақстандық аграршыларға лизингтің екі нұсқасын ұсынады. Біріншісінде – фермер әдеттегі 15 пайыздың орнына, небары 10 пайыз көлеміндегі бірінші төлемін төлеп, кепілдік қамтамасыз етілуінсіз техника ала алады. Екінші нұсқасында ол төлемді 15 қарашаға дейін кейінге қалдырып және техника құнының 10 пайыз төлемін 2014 жылғы орақтың астығын қолхат бойынша кепілдікке жаңа комбайнды пайдалана беруіне болады. Фермердің бірінші лизингтік төлемді төлей алатын жағдайы келісімен, кепілдік қамтамасыз ету босатылуға жатады. Лизингтің осы шарттары астық кептіргіштерге, күріш және мақта жинау техникаларына да қатысты.

Орақ техникасы 12,8 пайыздық шартпен беріледі. Бұл ретте мемлекет жалпы қаржыландыру ставкасынан 7 пайызын демеуқаржыландырады. Сөйтіп, “КазАгроФинанс” АҚ-да ауыл шаруашылығы техникасының лизинг бойынша ставкасы жылдық 12,8 пайыздың орнына 5,8 пайызды ғана құрайды.

Қазіргі уақытта “КазАгроФинанс” АҚ-ы өтініштер жинауды белсенді жүргізуде. Отандық өндірушілерді қолдау үшін “АгроМашХолдинг” зауыттарында және “Вектор” комбайн зауытында жиналған қазақстандық комбайндарға басымдық берілетін болады.

Толық ақпаратты Петропавл қаласы, Абай көшесі, 57 үй, мекен-жайы бойынша “КазАгроФинанс” АҚ-ы облыстық филиалынан алуға болады.

Аида КОКУМБАЕВА.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.