Сіз мындасыз: Home САЯСАТ ТИІМДІ ТӘРБИЕ ИНСТИТУТЫ

ТИІМДІ ТӘРБИЕ ИНСТИТУТЫ

Өткен жылдың 26 наурызында Мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген бірқатар өзгерістер мемлекеттік органдарда

тәлімгерлікті енгізу мәселесін де қамтыған болатын. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының бұйрығын орындау мақсатында қазан айында әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту ережесі жасалып, бекітілді.

Тәлімгерлікті ұйымдастыру әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының “Б” корпусының В-5, С-5, С-О-6, С-R-5, D-5, D-O-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-4 санаттарына, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының шешімімен басқа да санаттарға қабылданған қызметшілерге қатысты ережемен қарастырылған. Ережеде тәлімгерлердің қызметі мен оларға қатысты талаптар көрсетілген.

Қабылданған құжатқа сәйкес мемлекеттік қызметтегі өтілі 2 жылдан кем емес, қызметінің соңғы бағалауларының нәтижесі тиімді, тәртіптік жазасы жоқ қызметкерлер тәлімгер бола алады. Тәлімгердің жас әріптесін қызметтік міндеттерімен, ұйымдастыру ісі, өкілеттілігі, орындаушылық тәртібі, қызметіндегі ережелер, шектеулер, талаптар сияқты негізгі бағыттармен, қызметтегі нормативтік-құқықтық актілермен таныстырады, қызметтік міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерін үйретеді.

Тәлімгерлік тиісті құжаттармен ресімделеді. Бастапқыда басшының ұсынысының негізінде бұйрық шығарылып, тәлімгер бекітіледі. Ол өз кезегінде қызметшіні бейімдеу және кәсіби дайындаудың жеке жоспарын жасайды. Содан кейін тәлімгерлік мерзімінің соңында қызметші жоспарды орындағаны жайында есеп береді. Тәлімгер қарамағындағы қызметші жайында пікірін жазады.

Қалыптасқан тәжірибе мемлекеттік қызметшіге және бұл салада қызмет етуге ниетті азаматтарға қойылатын талаптардың жыл сайын арта түсуіне байланысты аталған институттың өзектілігін және маңыздылығын дәлелдеп отыр. Тәлімгердің қолдауымен шеберлігін шыңдаған мемлекеттік қызметші ғана аға буынның берген білімі үшін өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы міндетін сезіне отыра, жас мамандармен өзінің білімімен және біліктілігімен бөлісетін болады.

Дархан АРГЕНОВ,

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаменті инспекция және бақылау бөлімінің кеңесші-инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.