ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН

Печать

Уәлиханов аудандық Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Ауылдық мәдениет мекемелерінің ішінен үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған.

argaiv1962

Байқау шымылдығы өнер мектебі хореография сыныбының мұғалімі Иманхан Қуанған жетекшілік ететін “Кербездер” тобының орындауындағы қазақ биімен ашылды. Жергілікті өнерпаз, аймақтық ақындар айтысының жүлдегері Амангелді Оқас тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді өлең жолдарымен шебер жеткізді, ұлттық киім киген аналар шашу шашып, қазақы салт-дәстүрімізді ұлықтады.

Өз өнерлерін ортаға салған Ақтүйесай ауылының “Алтынай” халықтық фольклор ансамблі, Бидайық ауылының “Достық”, Ақбұлақ ауылының “Сударушка” этномәдени бірлестіктері де көрермендер көңілінен шықты.

“Ел іші – өнер кеніші” дегендей, ауданда осындай байқаулар жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған биылғы байқау жоғары деңгейде өтті”, – деген облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бөлімінің басшысы Тұрсынай Молдахметова аудан көркемөнерпаздарына сәттілік, қазақ өнерін биік шыңға жетелер жолдағы жұмыстарына жеміс, шығармашылық шабыт, табыс тіледі.

Көркемөнерпаздар байқауы аясында ауданымыздың ширек ғасырдағы әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдениет, спорт, білім, денсаулық салалары бойынша қол жеткізген жетістіктері жайлы мәліметтер беріліп, қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

Сарман АЯЗБЕКОВ,

журналист.