Солтүстік Қазақстан газеті

"Мағжан"

ШЫНДЫҚ ІЗДЕП ШЫРЫЛДАП ЖҮРМІН ӘЛІ

Печать PDF

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтар Зікіриннің есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс. Көп жылдар бойы өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінде қызмет атқарған ақынның жырлары туған жер, өмір туралы толғаныстарға толы. Оқыған адамның жанын тебірен­тіп, көкіректерге үміт сәулесін ұялататын шынайы жырлары жетерлік. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары ақын өлеңдерінде өзгеше өрнектеліп, өнеге аларлық, сабақ боларлық сарында жазылған. Газетіміздің бүгінгі санында ақынның бір топ жаңа өлеңдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

argaiv1934

ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН

Печать PDF

Уәлиханов аудандық Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Ауылдық мәдениет мекемелерінің ішінен үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған.

Құны түсті-ау нағыз адал еңбектің!

Печать PDF

Қалижан Тәшкенов – “Солтүстік Қазақстан” газетінің байырғы авторларының бірі.

Ол ауыл мектебінде ұстаздық етіп, педагогика, әсіресе, ұлттық ұстаным, тәлім-тәрбие хақындағы ой-пайымдарын ашық айтып, анық жазып, газет арқылы оқырмандар назарын аударады.

Сонымен бірге, көптен бері өзінің шыншыл да сыршыл жырларымен, қоғамымыздағы болып жатқан оқиғаларға өзіндік көзқарасын, ой-толғамдарын өзек еткен өлеңдерімен көпшілікке танымал.

Біз ауылда тұратын ақынның бір топ жаңа жырларын жариялауды жөн көрдік.

ДӘСТҮРЛІ ӘННІҢ ДӘРІПТЕУШІСІ

Печать PDF

Ұлттық аспабымыз – киелі домбыраның қос ішегінен төгілген әсем әуенмен сүйемелденген дәстүрлі әнді тыңдаған сәтте шабыттанып, шаттанбай тұра алмасымыз анық. Сонау сал-серілердің дәуірінде қастерленген текті өнеріміздің бүгінгі қал-ахуалы қандай? Осы орайда өңірімізде дәстүрлі әннің дамуына өзіндік үлес қосып, оны өскелең ұрпаққа насихаттаудың басы-қасында жүрген әнші, термеші Амангелді Рамазановпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

ҚАЙРАН, ҚЫЗ ҒҰМЫР!

Печать PDF

 Қарашаның қар түспесе де қара суық иектеген, мал-жанға аса бір қолайсыз шағы. Қара жердің беті қаусаған кемпірдің жүзіндей тозығы шығып, ауыл-үйдің арасында долы дауыл ойнақ салып, сыртқа беттеуге шама бермейді.

Страница 3 из 44