Солтүстік Қазақстан газеті

Дін

ЖАҢА БАСТАМАЛАР ҰСЫНЫЛУДА

Печать PDF

Бүгінгі таңда дін мәселесі қоғамдағы өзекті проблемалардың біріне айналуда. Біздің қоғамды діни радикализм мен экстремизм проблемасы біршама алаңдатып отыр. Бұл бағытта мемлекет нақты шараларды қолға алып, дін саласындағы ахуалды реттеуде жаңа бастамалар ұсынып отыр. Елдегі деструктивті ағымдардың қызметіне тыйым салына ма? Діни салада қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев әңгімелейді.

argaiv1293

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Печать PDF

Мұсылман жұртшылығының асыға күткен қасиетті мерекесі – Құрбан айт биыл 1 қыркүйек күні басталады. “Құрбан” сөзі араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – “шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен құрбан шалу”.

Мерекелік құттықтау

Печать PDF

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді қасиетті мереке – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Мерекелік сыйлық

Печать PDF

“Қызылжар” орталық мешітіндегі намаз оқып, мінәжат ететін орынға жаңа кілемдер төселді. Халықты рухани бірлікке үндейтін қасиетті орындағы кілем Құрбан айт мерекесі қарсаңында ауыстырылып отыр.

– Жаңа бұйымдар Түркия мемлекетінен арнайы тапсырыспен әкелінген. Мерекелік сыйлық мешіттің ажарын ашып, оған ерекше өң берді, – дейді Алла үйінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы.

Игі шараның жүзеге асуына қайырымды жандар, мешіт жамағаты және дінге жанашыр азаматтар атсалысты.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Печать PDF

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты: қазір рухани жаңғырудың, ұлттық сананың жаңғыруының бағыт-бағдарын айқындап, Елбасымыз айтқандай, революциялық емес, эволюциялық дамитын кезең туып отыр. Мемлекетіміздің жаңғыру кезеңінде мемлекет пен дін қатынасының қазақстандық үлгісін жасақтау – жаңа белестерге жол ашып, көпконфессиялы қоғамымыздың тұрақтылығын сақтаудағы маңызды қадам. Сондықтан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұсынып отырған “Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы” бүгінгі күні дін аясында орын алып жатқан көкейкесті мәселелердің шешімін табуға үлкен негіз болмақ.

ҚАЖЫЛЫҚ — КИЕЛІ САПАР

Печать PDF

“Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен “дөңгелек үстелге” жиналғандар қажылық тақырыбында әңгіме өрбітті. Шараға қатысушыларға орталық мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы қажылықты өтеушілердің парыздары мен шарттарын, міндеттері мен әдептерін түсіндірді.

Страница 1 из 52