Сіз мындасыз: Home Руханият “ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР”

“ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР”

Астанадағы “Сарыарқа” баспасында Ұлы Отан соғысының және Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ардагері,

парасатты ақсақал, жерлесіміз Сапар Дүйсенов жайлы ауылдас інісі, белгілі журналист, жазушы Жақсыбай Самраттың “Ғибратты ғұмыр” кітабы жарық көрді.

Таяуда ғана 90 жасқа келген, он алты жасында Отан үшін отқа түсіп, елге мүгедек болып оралған майдангер, бар саналы ғұмырын прокуратура органдарында қызмет етуге арнаған, он үш жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болған, өмір өткелдерінен аласармай өтіп, “қара қылды қақ жара білетін” әділдігімен ел есінде қалған биік азаматтығымен қоғамдағы өз орнын ойып алған Сапар Дүйсенұлының туған жері, өскен ортасы, атқарған қызметі аталмыш жинақта жан-жақты қамтылған. Қадірменді ақсақал атанған Сапар Дүйсенов ағамыз – туған нағашысы, Мамлют ауданындағы жұрты ғана қалған Үшкөл ауылының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетов есімінің Қызылжар өңірінде, әсіресе, облыс орталығында лайықты ұлықталуына ерекше үлес қосқан адам. Кітаптағы “Батырдың бірі Әбу еді” естелігі сол еңбекті жаңғыртқандай әсер қалдырады. Жинақтың соңғы тарауындағы “Әріптестер естеліктері” Сапекеңнің өр тұлғасын асқақтатып, нақты мысалдармен айшықтай түседі.

Нұрсайын ШӘРІП,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.